Ақп 22, 2016 21:54 Asia/Almaty
  • Джон Керри: Сириядағы атыс тоқтату келісімі тек Ресей мен АҚШ-ның арасында ғана жасалды

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Сириядағы уақытша атысты тоқтату келісімінің тек Ресей мен АҚШ-ның арасында ғана жасалғанын мәлімдеді.

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иордания астанасы Аманда: «Сирияда уақытша атыс тоқтату орнату үшін келісім тек Ресей мен АҚШ арасында ғана іске асты. Енді келіссөздерді алға ілгерілету үшін сириялық қарсыластар және өзге де қатысты елдермен байланыс жасау керек» деді. Ресейлік және америкалық әскерилер сенбі күні Швейцарияның Женева қаласында Сириядағы атысты тоқтату туралы жуықтағы келісімшартты орындау үшін Мәскеу мен Вашингтон арасында ортақ көзқарас қалыптастыру мақсатында келіссөз өткізді. Осы мәлімет бойынша, жексенбіге дейін Сирияда атыс тоқтату келісімі жүзеге асуы тиіс болған, бірақ өткен жексенбі күні Сирияның түрлі аймақтарында екі жарылыс орын алып, ондаған адам қаза тапты.

Кейбір хабар көздері алдағы бірнеше күн ішінде Ресей президенті Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Барак Обама осы атыс тоқтату келісімін қорытындылау үшін кездеседі деп хабарлады.

Тегтер