Сауд Арабиясының мұнай бағасын тұрақтандыруға талпыныс жасауы болар іс болғаннан кейінгі әрекет
(last modified Tue, 16 Aug 2016 11:11:59 GMT )
Там 16, 2016 17:11 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының мұнай бағасын тұрақтандыруға талпыныс жасауы болар іс болғаннан кейінгі әрекет

Әлемнің мұнай нарығының тұрақсыздыққа душар болып отырғанына бүгінде екі жыл болды.

Мұнай бағасының күрт түсуі мұнай экспорттаушы елдердің ең үлкен ұйымы ОПЕК-ті үлкен түйткілге тіреді. Соңғы екі жылда осы ұйымның бірнеше жиналыс өткізуі мұнай бағасына қатысты дағдарыстың күрделі түйінін шеше алмады.

Сауд Арабиясының қисынсыз шаралары мұнай бағасының төмендеуінің басты факторларының бірі болды. Бұл ел саяси мақсаттармен Иранға соққы беру және бәсекелестерді мұнай нарығынан шығару үшін өз мұнайын жеңілдікпен сатты. ОПЕК-тегі үлестен көп көлемде арзан бағалы мұнай өндіріп, сату мұнай нарығын бұзды. Осындай бүлдіргі  шаралардың салдарынан мұнай бағасының бір баррелінің құны 100 доллардан 40 долларға, тіпті одан да төмендеп кетті. Бұл төмендеу көптеген өндірушілерге зиян тигізді. Көптеген өндірушілер мұнай ұңғымаларын жауып, бюджет тапшылығына ұшырады. Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдері, әсіресе Сауд Арабиясы мұнай бағасы жоғары болған кезде қарқынды экономикалық даму кезеңін бастан өткерді. Алайда жаңа жағдай осы елді өз саясатында түбегейлі өзгерістер жасап, шығындарды азайтуға итермеледі. Бұл дағдарыс толқыны бүгінде Сауд Арабиясына да жетті. Әлем нарықтарында мұнай бағасының төмендеуі Сауд Арабиясының  бюджет тапшылығының 100 млрд доллардан асып түсуіне әкеліп соқтырды. Бұл жағдай саудиялықтар үшін қатер дабылын қағып, енді оларды нарықта мұнай бағасын тұрақтандыруға талпынуға итермелеп отыр. Ал олар жағдайдың осыншалықты ушығуына жол бермеу үшін алдын ала шара қолдана алатын еді.

Сауд Арабиясының Мұнай министрі Халед әл-Фаттахтың айтуынша, Сауд Арабиясы ОПЕК-тің мүшелері және оған мүше емес өндіруші елдермен  мұнай нарығын тұрақтандыруға көмектесу үшін әріптестік жасай алады. ОПЕК-тегі ақпарат көздер де бұл ұйымның алдағы айда басқа өндірушілермен бірге өтетін отырыста мұнай өндіру деңгейін тұрақтандыру мақсатында келіссөздерді қайта бастау ықтималдығын хабарлады.

Сауд Арабиясының бұл шешімі қаншалықты шынайы әрі әріптестік жасау деген мағынаны білдіре ме? Бұл ел өндіруші елдердегі экономикалық тұрақсыздықтан хабардар болса да, ОПЕК-тің шешімдеріне қарсы болуды саяси тұрғыдан ілгерілетіп, әлі осы мақсатты көздеп отыр. Сондықтан Сауд Арабиясы Мұнай министрінің сөздері сырттай алғанда мұнай өндіру мен оның бағасын тұрақтандыруға қатысты талпыныстар тұрғысынан оң нышан болуы мүмкін Алайда бұл әріптестік қандай деңгейде,  саудиялықтардың шарасы қаңтар айындағы шешім деңгейінде бола ма деген сауалдар туындайды. Ол кезде Сауд Арабиясы өзінің мұнай өндіру көлемін азайтқысы келмеген. Бұл сөздердің көптеген қатпарлары жасырын әрі белгісіз қалып отыр. Сауд Арабиясының әріптестік жасау ниеті бұл елдің үлестен жоғары өндірісін шынайы түрде азайту дегенді білдіре ме?

Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін диалог деңгейіндегі әріптестіктен жоғары шешім қажет екені анық, өйткені ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер арасындағы келіссөздердің есігі әрдайым ашық болған. Негізгі мәселе – Сауд Арабиясының қисынсыз қатынасын өзгерту. Саудиялықтардың бұған  шынайы ынта білдіруі екіталай.

Сауд Арабиясы Мұнай министрінің мұнай өндірушілермен әріптестік жасау туралы сөздері шын мәнінде осы ел саясатының арқасында ОПЕК-тің басқа мүшелеріне таңылған қиындықтар үшін осы елге айтылатын сындарды азайту мақсатын көздейтін тактика болуы мүмкін.