Там 16, 2016 20:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай қаржы және банк саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Иран мен Қытай банктік алмасуларды, экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржымен қамтамасыз етуді жеңілдету мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

ИРНА- ның бүгін, сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, осы меморандумға Бейжіңде Иран мен Қытай экономикалық бірлескен комиссиясының 16- шы отырысы аясында Иранның Экономика және қаржы министрі Мұхаммад Хазай мен Қытайдың Экспорт пен импорт банкінің орынбасары Сун Пинг қол қойды.

Иран мен Қытайдың осы ынтымақтастық меморандумы бойынша Қытайдың Экспорт пен импорт банкі Иранның инфрақұрылымдық жобаларын қаржымен қамтамасыз етіп, мұнай мен газ, энергия, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және банк салаларындағы инфрақұрылымдық жобалар қаржымен қамтамасыз етілу үшін қытайлық банкке таныстырылады.

Теһран- Машһад жүрдек поезы темір жолын салуды қаржымен қамтамасыз ету ынтымақтастықтардың алғашқы қадамы ретінде таныстырылды. Оның кеңселік жұмыстары екі айдың ішінде атқарылуы тиіс.

 

 

Тегтер