Ұлыбританияда Израильге қарсы жарнама жасалды
Сионистік режимге қарсы санкциялардың апталық бағдарламасының басталуымен Лондонның метро стансаларында Израильге қарсы баннерлер ілінді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, британиялық белсенділер жуырда Лондонның метро стансаларында Израильге қарсы баннерлер ілді. Бұл баннерлерде Ұлыбританияда жасалған қарулардың 2014 жылы жазда Газа секторындағы 50 күндік соғыста жазықсыз халықты қырып-жоюда қолданылғандығы жазылған. Кейбір баннерлер BBC телеарнасының Израильді жақтауына реакция ретінде ілінген.
Британиялық белсенділер, сондай-ақ, сионистік режимге оның түрмелерін бақылау және басқару жүйелерін ұсынған «G4S» қауіпсіздік жүйелерін жасау компаниясын сынап, оны Израильдің апартеид және шовинистік режимін қолдап отыр деп айыптады.
Лондонның метро стансаларында Израильге қарсы баннерлер ілу кампаниясының жауапты тұлғасы: «Лондонның метро стансаларында 500-ден аса баннер ілінді. Бүгін, сейсенбі күні 4 млн-нан астам жолаушы осы баннерлерді көреді",-деп қуаттады.