Кабулда ондаған адам қаза болып, жараланды
Там 25, 2016 14:30 Asia/Almaty
Кабулдағы америкалық университетте Ауғанстан қауіпсіздік күштері мен қарулы басқыншылар арасында болған қақтығыс салдарынан ондаған адам қаза болып, жараланды.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы қақтығыста 7 адам қаза болып, 20 адам жараланған. Кеше түнде бір топ қарулы адам Ауғанстан астанасы Кабулдың Даламан ауданындағы америкалық университетке шабуыл жасап, бірнеше адамды кепілге алды. Осы шабуылдан кейін Кабулдың батысындағы Даламанға баратын барлық жолдар көліктер мен жаяу жүргіншілер үшін жабылып, полиция және қауіпсіздік күштері дайын жағдайға келтірілді.
Әзірге еш адам немесе топ бұл жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.
Тегтер