Там 26, 2016 17:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік хатшысы Йеменде соғысты тоқтату қажеттігін қуаттады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Йеменде соғысты тоқтату қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы  Джон Керри  бейсенбі күні  Джиддада Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі  Адель әл-Джубаирмен бірлескен баспасөз конференциясында: «Йемендегі қантөгістер ұзаққа созылып кетті. Соғысты тоқтату керек. Йемендегі адами жағдай ушығып тұр. 2 млн-нан астам йемендік босқынға айналды. Бұл елге жұт қаупі төніп тұр. Йеменде барлық тараптардың қатысуымен Ұлттық бірлік үкіметін құру және хусилердің үшінші бейтарап тарапқа қаруларын тапсыруы туралы Сауд Арабиясымен келісімге келдік»,-деді.

Осылай деген АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз елінің Сауд Арабиясының қауіпсіздігі мен егемендігіне берік екендігін тағы қуаттады.

Тегтер