Мәскеуде болған өрт апатында Қырғызстан азаматтары қаза болды
Там 28, 2016 20:05 Asia/Almaty
Өткен күні Мәскеу қаласында болған өрт апатында қаза болғандардың он жетісі Қырғызстан азаматтары болды.
Мәскеудегі баспахана қоймасында орын алған өрт апатынан құрбан болған Қырғызстан азаматтарының басым көпшілігі 18- 26 жас аралығындағы қыздар. Ресейдің Төтенше жағдайлар басқармасының төрағасы Интерфакс ақпарат агенттігіне берген мәліметте ғимараттағы қоймалардың біріндегі электр тұйықталуының өрт апатына себепкер болғанын мәлімдеді. Өткен жылы да Ресейде болған бірнеше өрт апатынан Тәжікстан азаматтары жан тапсырған болатын.
Тегтер