БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылу туралы зерттеулерді теріске шығарды
БҰҰ-дағы Ресей мен Сирия өкілдері бұл ұйымның Сирия үкіметінің химиялық қару қолдануы туралы зерттеулерінің нәтижелерін теріске шығарды.
Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Виталий Чуркин: «БҰҰ-ның Сирия үкіметінің химиялық қару пайдалануы туралы зерттеулеріне қатысты нақты сұрақтары. Ресей бұл зерттеулердің нәтижелерін қабылдамайды. Мәлімдеменің барлық нәтижелері қабылданбастан бұрын анықтауды қажет ететін сауалдар бар»,- деді.
БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар әл-Джафари де: «БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымның ортақ зерттеу тобының басшысы Вирджиния Гамбоның куәгерлердің сөздері бойынша, «Сирияда хлор газы пайдаланылды» деген сөздері өтірік,»,- деді.
БҰҰ-ның Сирия туралы зерттеулерінде бұл елдің үкіметі және ДАИШ лаңкестері химиялық қару қолданды деген қорытынды жасалған болатын.