Салехи: Ядролық өнеркәсіп – Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық көрсеткіш
(last modified Sat, 10 Sep 2016 15:16:17 GMT )
Қыр 10, 2016 21:16 Asia/Almaty
  • Салехи: Ядролық өнеркәсіп – Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық көрсеткіш

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы: «Ядролық өнеркәсіп Иран мен Ресей арасында бір стратегиялық көрсеткішке айналды»,-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи бір баспасөз конференциясында Иранның оңтүстігіндегі Бушерде екінші және үшінші атом стансасын салу жұмыстарының басталғанына тоқталып: «Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы кеңейе түсуде. Иранның жоғары лауазымды қайраткерлері әсіресе Ресеймен халықаралық әріптестіктерді арттыруды қуаттайды»,-деп мәлімдеді. Салехи Иранда отын мен тұрақты изатоптарды бірігіп өндіруді  Иран мен Ресейдің ортақ бағдарламаларының бірі деп атап: «Стансаның жаңа бөлімшелерін салу қуатпен қамтамасыз етіп, табиғи көздерді сақтауға көмектесумен қоса, 22 млн баррель шикі мұнайды үнемдеп, 14 млн тонна лас заттардың қоршаған ортаға таралуының алдын алады»,-деді.

Тегтер