Хошру: Ауғанстан лаңкестікпен күресте əлемдік қауымдастықтың көмегін қажет етеді
Иранның БҰҰ-дағы елшісі əрі тұрақты өкілі бүгінде Ауғанстан үкіметінің лаңкестікпен күресте алғы шепте тұрғанын айтып: "Əлемдік қауымдастық осы елге лаңкестік жəне экстремизммен күрес жолында көмектесуі тиіс",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламали Хошру сəрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанның жағдайын талқылауға арналған үш ай сайынғы отырысында сөйлеген сөзінде Иранның Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығайтылуын қолдайтынын айтып, бұл елде ДАИШ пен оның тармақтарының пайда болғанын ескертті.
Иранның БҰҰ-дағы елшісі əрі тұрақты өкілі:"Осы ұйым Бас хатшысының жуырдағы есебі негізінде, өкінішке орай, Ауғанстан əлі күнге дейін қауіпсіздік саласында ауыр түйткілдерге ұшырап отыр. Бұл елде қарулы қақтығыстар өткен жылмен салыстырғанда шамамен 24 пайызға артты",-деп еске салды.
Хошру Талибанмен тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігінің бұрынғыдай бұлыңғыр екеніне алаңдаушылық білдіріп: "Иран Ауғанстан үкіметінің бейбітшілік орнатуға бағытталған кез-келген талпынысын қолдаумен қоса, Талибан мен басқа да экстремистік топтардың лаңкестік əрекеттерін айыптап, осы топтармен кез-келген əріптестікті Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстарға қайшы деп санайды",-деді.