Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларын ұзартты
Еуроодаққа мүше елдердің өкілдері бейсенбі күні Брюсельде өткізген отырыстарында Қырымның Рсесйге қосылғанын қолдағаны үшін 146 ресейлік және украиналық қайраткер мен 37 ресейлік ұйымға қарсы санкцияларды келесі алты айға дейін ұзартуға оң дауыс берді.
Санкциялардың күшін ұзарту есеп-шоттарын жабу мен Еуроодаққа сапар шегуге тыйым салуды қамтиды. Еуроодақ санкциялардың 2014-ші жылы басталып, 2017-ші жылдың 15-ші наурызына дейін жалғасатынын хабарлады. Ресей экономикасына қарсы салынған жеке санкциялардың уақыты 2017-ші жылдың қаңтар айында аяқталады. Осыған орай Еуроодақ басшылары 2016-шы жылдың қазан айындағы отырысында бұл санкцияларға қатысты шешім қабылдамақ.
Еуроодақ пен АҚШ Ресейді Украинаның жағдайын тұрақсыздыққа ұшыратты деп айыптайды. Бірақ Мәскеу Украинаның дағдарысына араласуын теріске шығарады. Батыстықтардың Ресейге қарсы санкция салуының мақсаты Мәскеуді Украина дағдарысына қатысты ұстанымын өзгертуге, әсіресе Кремльді Украинаның шығысындағы үкіметтің қарсыластарын қолдаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Алайда Мәскеу Батыспен жақтасатын Киев үкіметіне қатысты Ресейдің мүдделері мен талаптары Еуроодақ және АҚШ тарапынан қамтамасыз етілгенге дейін Украина дағдарысына қатысты қазіргі ұстанымын өзгертпейтінін жариялаған болатын. Ресей де өз тарапынан Еуроодақ пен АҚШ-қа қарсы санкциялар салды. Украина дағдарысына дейін Еуроодақ Ресейдің ең үлкен серіктесі саналды. Ресей салған санкциялар да еуропалық елдерге көптеген шығын келтірді. Бұл мәселеге Мәскеу де көңіл аударып, осы салада Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев осыдан біраз уақыт бұрын Батыс мемлекеттерінің Ресейге қарсы санкция салуы салдарынан 100 миллиард доллар шығын көргені туралы айтты. Бұл мәселе Еуроодақтың ішінде Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру немесе олардың күшін жою туралы пікірталастар тудырды. Шын мәнінде осы кезде Еуроодақтың ішінде Ресейге қарсы санкцияларға қатысты екі түрлі пікір естілуде. Бірінші топқа АҚШ-пен жақын қарым-қатынас орнатушы мемлекеттер кіріп, олар Украинаға қатысты Батыстың талаптарына бағынғанға дейін Ресейге қарсы санкцияларды ұзартуды жақтайды. Бұл үкіметтерді АҚШ-тың стратегиялық одақтасы саналатын Ұлыбритания басқаруда. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығауымен санкцияларды жалғастырғысы келетіндер әлсіреді. Еуропаның шығыс үкіметтері, атап айтқанда үш прибалтикалық мемлекет, Польша, Чехия, Словакия мен Румыния да Ресейге қарсы ежелден келе жатқан дұшпандығына байланысты Мәскеуге қарсы санкциялардың күшін жоюға қарсы. Олардан басқа екінші топқа Украина дағдарысына дейін Ресеймен сауда және экономикалық кең ауқымды қарым-қатынасқа ие болған, бірақ осы кезде қарым-қатынастардың азаюы немесе тоқтатылуына байланысты көптеген қаржылай және экономикалық шығындармен кезігіп отырған елдер жатады. Олар осы күні Ресейге қарсы санкцияларды азайтуды немесе алып тастауды талап етуде. Бұл елдерге Италия, Испания, Грекия, Кипр, Венгрия, Словения, Хорватия сынды елдер кіреді. Олар Мәскеуге қатысты қазіргі саясатты өзгертуді қалайды. Негізінде бұл елдер Еуроодақтың қарамағында болып, Ресейге қарсы санкияларға қосылуға мәжбүр болды. Олардың пікірінше мұндай жағдайдың жалғасуын ақтауға болмайды, сондықтан көзқарасты өзгерту қажет.