«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – халықаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шешудің көрнекті үлгісі
(last modified Sun, 18 Sep 2016 14:02:16 GMT )
Қыр 18, 2016 20:02 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – халықаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шешудің көрнекті үлгісі

Нидерландының Ирандағы елшісі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық сахнадағы мәселелерді келіссөздер мен дипломатия арқылы шешудің көрнекті үлгісі деп атады.

Нидерландының Ирандағы елшісі  Сьюзан Терстал Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісіміне тоқталып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бейбіт түрде диалог өткізіп, нәтижеге жетуге болатынын көрсетті»,-деді.

Нидерландының Ирандағы елшісі, сондай-ақ Теһранның «Бейбітшілік» мұражайында болып,  БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның Дүниежүзілік бейбітшілік күніне орай жолдаған жолдауын осы ұйымның Теһрандағы кеңсесінің атынан оқып берді.