Иран Президенті кубалық әріптесімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i14848
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Кубаға барып, кубалық әріптесі Рауль Кастро және оның ағасы әрі Кубаның бұрынғы Президенті Фидель Кастромен кездесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2016 16:19 Asia/Almaty
  • Иран Президенті кубалық әріптесімен кездесті

Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Кубаға барып, кубалық әріптесі Рауль Кастро және оның ағасы әрі Кубаның бұрынғы Президенті Фидель Кастромен кездесті.

Рухани осы біркүндік сапардан бұрын Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына қатысуға барар жолда дос әрі революцияшыл ел Кубаға ат басын тіреуді мақсат етіп отырғанын айтқан болатын. Руханидің бұл сапары тамыз айында Иранның Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зарифтің  Гавана сапарынан кейін орын алып отыр.  Зариф Иранның бұл сапарды өзінің Кубамен қарым-қатынасын нығайту үшін  өте маңызды деп бағалайтынын мәлімдеді.

Екі елдің қайраткерлері энергетика саласын қамтитын бірнеше келісімге қол қояды деп күтілуде. Куба Ираннан мұнай алуға мүдделі ел. Өйткені Кубаны мұнаймен қамтамасыз ететін негізгі ел Венесуэла өзінің экономикалық дағдарысына байланысты Кубаға жеңілдікпен мұнай сатуды айтарлықтай азайтты.

АҚШ-пен жауластық тарихына байланысты бір-бірімен одақтас саналатын Иран мен Куба халықаралық сахнада көбінесе бір-бірін қолдайды.

Теһран АҚШ-тың Кубаға қарсы санкцияларын ашық түрде айыптайды. Гавана Иранның әскери емес ядролық бағдарлама жүргізу құқығына қолдау білдірді.