Үндістан Чабахар портына 58 млн доллар инвестиция салады
(last modified Sat, 24 Sep 2016 16:05:20 GMT )
Қыр 24, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Үндістан Чабахар портына 58 млн доллар инвестиция салады

Чабахар еркін сауда аймағы ұйымының атқарушы директоры үндістандық компаниялардың Иранның оңтүстік- шығысындағы Чабахар портына 58 млн доллар инвестиция салатынын хабарлады.

Чабахар еркін сауда аймағы ұйымының атқарушы директоры Абдолрахим Күрди: «Иран, Үндістан және Ауғанстан арасындағы үш жақты келісімшарт шеңберінде үндістандық компаниялар осы теңіз айлағына 58 млн доллар инвестиция салуға міндеттеме қабылдады. Чабахарға инвестиция салу тәсілі әлемдегі дәстүрлі тәсіл арқылы іске асады. Үнділер Чабахар портында жабдықтар орнатып,  инвестиция салу үшін ирандық бір компаниямен келісім жасауды мақсат етуде» деді.

Чабахар еркін сауда аймағы ұйымының атқарушы директорының айтуынша, Үндістан өз инвестициясының қайтуы үшін өз тауарларының басым бөлігін осы теңіз айлағы арқылы Ауғанстан мен Орталық Азияға экспорттай алады.

Күрди сондай- ақ алдағы бір айдан азырақ уақыт ішінде Чабахар- Масқат теңіз жолаушы тасу желісінің іске қосылатынын хабарлап, Масқатпен қоса экономикалық жағынан тиімді теңіз арқылы жолаушы тасу желілерін іске қосудың да күн тәртібінде тұрғанын айтты.