Рухани Теһран-Найроби ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады
ИИР Президенті Африка мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтуді ИИР-ның сыртқы саясатының басты мәселелерінің бірі деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани Теһранда Кения Парламентінің Төрағасы Джастин Мутуримен кездесуінде: «Кения Африкадағы ИИР-ның дос елдерінің бірі. Сондықтан Теһран Найробимен экономикалық саладағы ынтымақтастықтарының артуын қолдайды»,- деді.
Хасан Рухани Иранның инженерлік-техникалық қызмет саласындағы мүмкіндіктеріне тоқталып: «Кения қажетті жеңілдіктерді қарастырып, Иранның жекеменшік бөлімі компанияларының бұл елге инвестиция салуы үшін жағдай жасай алады»,- деді.
Рухани лаңкестікке әлемдіктердің қазіргі кезеңдегі проблемасы ретінде тоқталып: «Иран мен Кения бұл салада бір-бірімен және аймақтық, халықаралық деңгейде ынтымақтастық жасай алады»,- деп айтты.
Кения Парламентінің Төрағасы Джастин Мутури де кездесуде өз елінің ИИР-мен жан-жақты ынтымақтастықтарын кеңейтуге дайын екендігін жариялады.