Сионистік режимнің ядро саласындағы істерін бақылау қуатталды
(last modified Mon, 26 Sep 2016 15:37:20 GMT )
Қыр 26, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің ядро саласындағы істерін бақылау қуатталды

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы сионистік режимнің ядро саласындағы заңсыз істерін бақылауды қуаттады.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 61- ші конференциясында жасаған баяндамасында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің сионистік режимнің ядро саласындағы заңсыз істерін бақылау қажеттігін қуаттап, осы тақырыпты АҚХА Басқарма  кеңесінің күн тәртібіне қоюды талап етті.

Салехи Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің  Басқарма кеңесінің мүше елдердің ядро саласындағы істерін бақылауда бейтарап болуы және осы органның ядролық өнеркәсіпті әлем елдерінің денсаулығы мен дамуы бағытында көбірек қолдануы бағытында мүшелерге көмек көрсетуі қажеттігін қуаттады. Салехи «Ортақ қадам» келісіміне сілтеме жасап: «Иран өз міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде қосымша протоколды өз еркімен қабылдауымен және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен жақыннан ынтымақтастық жасауымен қарсы тараптан да өз міндеттемелерін толығымен орындауды күтеді» деді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 61-ші конференциясы осы ұйымға мүше 168 елдің өкілдерінің қатысуымен дүйсенбі күні Австрияның астанасы Венада басталды. Конференция алдағы жұмаға дейін жалғасатын болады.

 

 

Тегтер