Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарына Америка жауапты
Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Американы Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарына жауапты деп атады.
Йеменнің «almasirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абдолсалам өзінің «facebook» парақшасында: "Йемендік делегациялар арасында Кувейтте өткен бірнеше келіссөз бен Сауд Арабиясына қарасты делегацияның кедергі келтіруі Йеменге шабуылдағы қолбасшы ретіндегі Американың рөлін көрсетті" деп жазды.
Абдолсалам Йемен халқының Саудия коалициясының шабуылдарына қарсы өзін қорғауға бекем бел буып отырғанын қуаттап: "Сауд Арабиясының шабуылдары тоқтатылып, қоршау жойылмайынша еш шешім қабылданбайды.
Йемендіктер өздерінің барлық жерлерін Сауд әулеті режимінен қайтарып алып, елде саяси тәуелсіздік пен қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық орнатады" деді.
Сондай- ақ Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтары сенбі күні Йеменге шабуылдарының жалғасында Йемен астанасы Сана облысының Нахм қаласының әл- Мадфун аймағындағы базар мен Атан аймағын бомбалады.
Сауд Арабиясы армиясының қырғи ұшақтары Йеменнің Сана және Сааде облыстарында да коммуникациялық үш желіні нысанаға алып, зор шығын келтірді.
Соңғы екі күнде Сана облысының Нахм қаласында Йемен армиясы мен халықтық күштерінің Сауд Арабиясының жалдамалы күштерімен болған шайқастарда Сауд Арабиясының 30 жалдамалы күші қаза болып, 13 кісі жараланды.