Рухани: Азиялық ынтымақтастықтарды дамыту Иран үшін маңызды
(last modified Wed, 05 Oct 2016 09:35:46 GMT )
Қаз 05, 2016 15:35 Asia/Almaty
  • Рухани: Азиялық ынтымақтастықтарды дамыту Иран үшін маңызды

ИИР Президенті Азия құрлығының ИИР-ның сыртқы саясатындағы маңыздылығын қуаттап: «Азия құрлығы Иран үшін маңызды. Бүгінгі ғасыр - азиялық мемлекеттердің ғасыры»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани бүгін, сәрсенбі күні Вьетнам мен Шығыс Азия аймақтарына жасайтын сапарының мақсаттарына тоқталып: «Шекаралас және азиялық  мемлекеттер мәдени, ғылыми, технология мен экономикалық тұрғылардан Иран үшін маңызды. Вьетнам Шығыс Азияда экономикалық салаға оң өзгерістер енгізді. Вьетнам Иранмен жақсы қарым-қатынас орнатты. Теһран Вьетнаммен арадағы жан-жақты қатынастарын, әсіресе техникалық және инженерлік қызмет көрсету саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуді мақсат етуде»,- деді.

Рухани сонымен бірге Малайзияны Иранмен жақсы қарым-қатынас  орнатқан исламдық мемлекет деп атап, Малайзия сапарында бұл елдің басшыларымен мәдени, экономика, ғылым мен технология салаларындағы екі елдің қарым-қатынастарын жандандыру және Ислам әлемі мен аймақтың проблемалары туралы сұхбаттар жүргізілетінін мәлімдеді. Иран Президенті Таиландтағы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес басшыларының саммитіне қатысатыны туралы: «Бұл ұйымның мақсаттары азиялық елдердің ынтымақтастығы мен ықпалдастығын кеңейту болды. Қазіргі таңда Азия әлемдегі экономикалық алпауыттардың маңызды серіктесі»,- деді.

Иран Президенті бүгін, сәрсенбі күні үш азиялық мемлекетке сапар шегу мақсатында Теһраннан Вьетнамның астанасы Ханойға аттанды.