БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі есебін Иран теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i15676
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас хатшысының Ирандағы адам құқығы жағдайы жөніндегі есебін сындарсыз деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2016 14:04 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі есебін Иран теріске шығарды

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас хатшысының Ирандағы адам құқығы жағдайы жөніндегі есебін сындарсыз деп атады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми БҰҰ- ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы есебіне көрсеткен реакциясында: «БҰҰ-ның бас хатшысы есебінің ең маңызды да шынайы кемшілігі даярланған мәтін әділетсіз және саяси астарға ие арнайы мақсаттарға негізделген» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Теһранның азаматтардың құқықтарын кейбір елдердегі саяси мақсаттардан ада, исламдық және Иран Конституциясының озық қағидалары бойынша жоғарылату үшін талпыныс жасауын қуаттап: «Бұл есепте Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы әділетсіз, біржақты және бұрыс төрелік жасалған әрі  шындықтар негізінде бейтарап және әділ сараптама жасау мүмкіндігінен кенде» деді.

БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің жаңа есебінде осы ұйымның Бас Ассамблеясына Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы ескерту жасаған болатын.