Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы 40 миллиард фунт көлемінде шығын келтіреді
Ұлыбританияның қаржы компаниялары бұл ел Еуроодақтан шыққан жағдайда жылына 40 миллиард фунт ақша мен 70 мың жұмыс орнынан айырылатынын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігінің Лондоннан хабарауы бойынша, Ұлыбритания үкіметі Еуроодақтан шығудан келетін шығынды аз және бұл одақтан шығуды елді дамыту үшін бір мүмкіндік ретінде көрсетуге талпыныс жасап жатқан жағдайда Оливер Виманның Ұлыбританияға қарасты банктер мен қаржы компанияларының атынан сәрсенбі күні жарияланған есебі банктер мен қаржы ұйымдарының Еуроодақтан бөлінуді қаламайтынын көрсетті.
Осы мәліметке сәйкес, Еуроодақтан бөлінген жағдайда Ұлыбритания үкіметі жыл сайын банктік табыстардан 10 миллиард фунттан азырақ салық алатын болады.
Банктер мен қаржы ұйымдарының басшылары Ұлыбритания Еуроодақтан шығатын болса, осы елден еуропалық клиенттерге қызмет ету үшін кепілдік берілмейтіндіктен Ұлыбританиядағы кеңселерін жабатынын ескертуде.