Таиландтың премьер-министрі Руханиді Бангкокта ресми түрде қарсы алды
Таиландтың премьер-министрі осы елдің астанасы Бангкокта ИИР Президентін ресми түрде қарсы алды.
Иран президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін жексенбі күні таңертең осы рәсімдерде Иран Президенті Хасан Рухани мен Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалған соң парадта сап түзеген бөлімшенің алдынан жүріп өтіп, бірге келген жоғары дәрежелі делегацияларды бір-біріне таныстырды.
Хасан Рухани сенбі күні кешке Азияның оңтүстік-шығысына сапарының соңғы кезеңінде Азиядағы ынтымақтастық диалогы ұйымы басшыларының екінші саммитіне қатысу үшін Бангкокқа келді.
Рухани азиялық 34 елден құралған Азиядағы ынтымақтастық диалогы басшыларының екінші саммитінде баяндама жасап, Иранның ұстанымдарын түсіндірумен қатар, саммит аясында бірқатар елдің жоғары қайраткерлерімен кездеспек.