Ресей қайраткері «Искандар» зымырандарын Калининградқа орналастыруға қатысты пікір білдірді
Қаз 10, 2016 08:59 Asia/Almaty
Ресей «Искандар» зымырандарын осы елдің еуропалық шекарасына орналастыруды қалыпты іс деп атады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков Батыс ақпарат құралдарының тактикалық зымырандарды Польша мен Литваға жақын аймаққа жасырын түрде орнату негізіндегі хабарларға қатысты айтқан сөзінде: «Искандар» зымырандық құрылғысын Калининградқа орналастыру жария түрде іске асқан қалыпты шара болып табылады. Ресей зымырандарды Калининградқа жасырын түрде көшірген жоқ" деді.