Ресей Сириядағы күштеріне қарсы кез келген дұшпандық әрекетке жауап қайтаратыны туралы ескертті
(last modified Fri, 14 Oct 2016 15:43:39 GMT )
Қаз 14, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы күштеріне қарсы кез келген дұшпандық әрекетке жауап қайтаратыны туралы ескертті

Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел әрекет ету басқармасының басшысы АҚШ көздерінің Ресей әскерінің позицияларына шабуыл жасау ықтималы туралы мәліметтер жарияланған соң ресейлік әскерилерге қарсы кез келген шабуылға жауап қайтарылатыны туралы ескертті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел әрекет ету басқармасының басшысы Сергей Рудской бейсенбі күні Ақ үйдің Сирия дағдарысын шешу үшін әскери жолды пайдалануды талқылағаны туралы хабар жарияланған соң АҚШ-тың бұл әрекетіне қатаң реакция білдірді.  

АҚШ Президенті Барак Обама бүгін, жұма күні ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен кездесуінде Сирия мәселесін әскери жолмен шешу туралы ақылдасты.

Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел әрекет ету басқармасының басшысы АҚШ басшыларының сөздеріне тоқталмастан: «Сириядағы ресейлік күштерге қарсы кез келген дұшпандық әрекет жауапсыз қалмайды»,- деді. Ол сонымен бірге Ресейдің БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистураның Алеппоның шығысындағы қарулы жасақтарды шығару үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету туралы жобасын сан рет қолдағаны туралы хабарлады.