Қаз 18, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Сирия мен Ресей Аллепо қаласындағы лаңкестерге әуе шабуылдарын тоқтатты

Ресейдің Қорғаныс министрі осы ел мен Сирияның Аллепо қаласындағы лаңкестерге әуе шабуылдарын тоқтатқанын хабарлады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осы ел Қарулы күштерінің ортақ штабының отырысында: «Ресей мен Сирия армиялары Алеппоға әуе шабуылдарын Гринвич уақыты бойынша сейсенбі күні сағат 07:00-де тоқтатты.   

Шабуылдарды мерзімнен бұрын тоқтату Сирияның Алеппо қаласында гуманитарлық атысты тоқтату бітімін орнату үшін қажет болды»,-деді.

Қарапайым адамдардың Алеппо қаласынан шығуына жағдай жасайтын гуманитарлық атысты тоқтату бітімі бейсенбі күні орнатылатын болады.

Ресей 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Сирия үкіметінің ресми өтінішінен кейін және Дума рұқсат берген соң бірнеше араб және Батыс елдерінің, соның ішінде АҚШ-тың қолдауына ие болып отырған лаңкестердің позицияларын нысанаға алып келеді.

Тегтер