Рухани Иран мен Түркіменстанның қарым-қатынасын кеңейтуді жалғастыру қажеттігін қуаттады
Қаз 28, 2016 16:11 Asia/Almaty
ИИР Президенті Түркіменстан Президентіне хат жолдап, екі елдің әртүрлі салалардағы кеңею үстіндегі қарым-қатынасына ризашылық білдірді.
Президент аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовке осы елдің тәуелсіздік күніне орай жіберген құттықтау хатында екі елдің жауапты тұлғаларының шынайы ерік-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынастың өзара мүдделер аясында бұрынғыдан көбірек дами түсетіндігіне сенім білдірді.
Иран Президенті осы хатта Түркіменстан халқы мен үкіметіне табыс пен аман-саулық тіледі.
Тегтер