Асад: Америка Сириядағы лаңкестерді пайдалануда
Сирия президенті Батысты, әсіресе Американы Сириядағы жуырдағы атысты тоқтату бітімінің сәтсіздігіне жауапты деп атады.
Сирия президенті Башар Асад Сербияның «Политика» газетіне берген сұхбатында осы ел дағдарысындағы Батыстың атқарып отырған теріс рөлін сынап: «АҚШ пен өзге Батыс елдері лаңкестерді Сирияда ойын картасы ретінде пайдалануда.
Америка тек лаңкестер қысылтаяң жағдайда қалған кезде ғана Сирияда бітім келісімін орнатуға талпыныс жасайды. Кейбір елдер ымыраны лаңкестерге логистикалық және қарау- жарақ жағынан қолдау көрсету үшін қолданады. Ресей лаңкестермен күресті жалғастыруда шынайы, бірақ америкалықтар өз саясатын өзгеше құндылықтарға негіздеген. Батыс елдері Сирияға әскери араласуын ақтау үшін адами бетпердені пайдаланып, лаңкестерге қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.
Сауд Арабиясы, Катар және Түркия Американың мүддесіне қызмет атқаратын Батыстың құралдары ғана болып табылады» деді.