Лаңкестер мен әсірешілдер – америкалықтардың қолындағы құрал
(last modified Sun, 06 Nov 2016 09:23:45 GMT )
Қар 06, 2016 15:23 Asia/Almaty
  • Лаңкестер мен әсірешілдер – америкалықтардың қолындағы құрал

ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының директоры лаңкестер мен әсірешілдерді америкалықтар мен сионистердің қолдарындағы құрал деп атауымен қатар, лаңкестердің осы елдерден қолдау көріп отырғанын баса айтты.

ИРНА-ның хабрлауынша, ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда Тунис мәжілісі депутаттарымен кездесуінде аймақтағы лаңкестік топтарды қолдаудың мақсатын исламдық елдерді әлсірету және бөлу деп атап, бұл мақсаттың жүзеге асырылуының қауіпті салдарлары болатынын ескертті.

Велаяти әлемдегі исламдық елдердің мықты күш-құдіретіне тоқталып: "Исламдық елдер өздерін  үлкен күшке айналдыра алатын бай ресурстарға ие. Сол себепті егер бөлінетін болса, ықпалсыз елдерге айналады. Батыс елдері бөлу қаруымен билік етуге талпыныс жасауда" деді.

Тунистің мәжіліс депутаты әрі Иранға келген осы ел делегациясының мүшесі Мобараке әл-Барахами Иранның аймақтағы, әсіресе Сирия мәселесіндегі сындарлы рөлін қуаттап, Арабстанның елдер арасындағы бүлдіргі рөліне қарамастан аймақта соғыс болмайтындығына үміт білдірді.

Әл-Барахами Иранның Ислам революциясынан кейінгі тәжірибесінің басқа елдер үшін құнды екенін айтып: "ДАИШ лаңкестік тобы әлемдік алпауыттар тарапынан кертартпа араб елдерінің қолдауымен және аймақтық елдерді бөлу мақсатында құрылды" деді.