Иран мен Қазақстан арасында коммерциялық ынтымақтастық негізінде 50 құжатқа қол қойылды
Иранның сауданы дамыту ұйымының Еуропа-Америка және ТМД елдері сауда бюросының бас директоры Иран мен Қазақстан арасында коммерциялық ынтымақтастық негізінде 50 құжатқа қол қойылғанын хабарлап, Иранның Қазақстанмен сауда байланыстарының оң жолға қойылуына үміт білдірді.
ИСНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның сауданы дамыту ұйымының Еуропа- Америка және ТМД елдері сауда бюросының бас директоры Әбулфазл Кудеи Иран мен Қазақстанның сауда- саттық көлеміне сілтеме жасап: «2013 жылы Иранның Қазақстанға экспорты 208 млн долларды, импорты 179 млн долларды құрады. Бұл сауда балансының 29 оң сальдосын көрсетеді. 2015 жылы осы елге экспорт 137 млн долларды, импорт 87 млн долларды құрады. Бұл сауда балансының 50 оң сальдосының белгісі. Үстіміздегі жылы Иран мен Қазақстан арасында 55 ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Осы елмен сауда көлемін арттыруға үміт артып отырмыз" деді.
Кудеи екі елдің басшылары арасында қол қойылған меморандумның мазмұнына сілтеме жасап: «Өнеркәсіп, банк және қаржы істері, денсаулық сақтау, медицина, техникалық білім, саяхат, тасымал және ауыл шаруашылығы өнімдерімен алмасу Иран мен Қазақстан арасында қол қойылған меморандумның маңызды салаларына жатады» деді.