АҚШ-ның президенттік сайлаудан кейінгі жағдайына жасалған болжам
(last modified Tue, 08 Nov 2016 10:08:48 GMT )
Қар 08, 2016 16:08 Asia/Almaty
  • АҚШ-ның президенттік сайлаудан кейінгі жағдайына жасалған болжам

Бірнеше айға созылған сайлау науқаны және Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың айтыс-тартыстарынан кейін АҚШ халқы бүгін 58-ші президенттік сайлауында дауыс беруге қатысып, 45-ші президентін сайлайды.

Егер үміткерлердің біреуі кемінде 270 электоралды дауысқа ие болса, бұл бәсекелестік сәрсенбі күнінің алғашқы сағаттарында аяқталады. Бірақ Клинтон немесе Трамптың Ақ Үйге аяқ басуымен АҚШ-тағы билік соғысының салдарлары аяқталады деген ой тумайды. Бұл сайлау АҚШ халқының екі партияның, яғни республикашылар мен демократтардың үміткерлеріне наразы екенін көрсетті. Осы күнге дейін АҚШ қоғамы 2007-2008-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстан бас көтере алған жоқ. Бұл елдегі жұмыссыздық жағдайы алаңдатарлықтай.Елдің халқы онжылдықтар бойы «америкалық арман» деп аталған армандарынан айрылды. Бұл наразылықтар АҚШ-тың биылғы сайлауында айқын байқалып,  халық пен зиялылар бір жақ, ұйымдар мен оларға қарсылар екінші жақта орналасты. Трамп сайлауда жеңіске жету үшін өзгерістер  жасаудың отына дем үрлеп, ұйымдарға қарсы шықты. Енді сайлаудың нәтижесі жарияланған соң  қайшылықтар толқыны басылады ма деген сұрақ туындайды. АҚШ-тағы саяси және идеологиялық екі ағымның арасындағы дұшпандылыққа қарап, бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Егер Трамп бүгінгі сайлауда жеңіске жетсе, ұйымдарға қарсы ағымның басшысы ретінде қалыптасып,  бұл қозғалыс біліксіз саясаткерлерге қарсы тұратын қосымша қуатқа ие болады. Әрине  Трамп та жеңген жағдайда АҚШ-тың басқа да президенттері сынды уәделерінің көбін орындамауы мүмкін. Немесе керісінше, бұл ұйымдардың бейбіт жолмен немесе күшпен АҚШ-тың саяси кеңістігінде өзгеше шыққан дауысты өшіру ықтималы да бар. Алайда бұл жолы көтерілген Вашингтонды бұзақылықтан тазарту және АҚШ-тың саяси жүйесінің біліктілігін арттыру сынды мәселелер тіпті Трамптың өз еркімен кетуімен де ұмытылмайтындығы анық. Трамп және оның жақтастары ойламаған жерден жылдар бойы жабық жатқан, АҚШ-ты билеп отырған саяси-қаржылық олигархия назар аудармайтын мәселелерді қозғады. Басқаша айтқанда, енді «жын сиқырлы құманынан» шықты.   Әсіресе бүгінгі сайлауда Хиллари Клинтон жеңіп, Трамп бұрыннан келе жатқан саяси дәстүрге қайшы сайлау нәтижесін қабылдамаса, оны қайтып енгізу өте қиын болады. Мұндай жағдайда көше наразылықтары немесе тіпті қоғамдық бүліктер орын алуы мүмкін. АҚШ-тың бүгінгі сайлауының нәтижесі қысқа мерзімді алаңдаушылықтармен шектелмейді. Оның салдары азаматтық наразылықтардан бастап, көшедегі  қатыгез бүліктерге себеп болуы мүмкін.