Қар 10, 2016 23:09 Asia/Almaty
  • Америка полициясы Трамптың жеңісіне наразы азаматтарға шабуыл жасады

Ақпарат көздері Америка полициясының осы елдегі президенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы азаматтарға шабуыл жасағанын хабарлады.

«CNN» телеарнасының бейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, шамамен 5 мың америкалық азамат Америкадағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жеткеніне наразылық білдіріп, Нью- Йорктегі оның зәулім ғимаратының алдына жиналғанда полиция оларға шабуыл жасап, 30 наразы адамды құрықтады.

Калифорния штатының Окленд қаласында да шамамен  6 мың америкалық азамат көшелерге шықты. Полиция көзден жас ағызатын газды пайдаланып, наразыларды таратты.

Америкадағы сайлау нәтижесіне наразылар Лос-Анджелес қаласындағы бір даңғыл жолды жауып тастады.

Полиция қызметкерлері Чикагода Трамптың ғимаратының алдында наразылардың жиналуына кедергі жасады.

Американың өзге қалалары мен штаттарында, соның ішінде Орегон, Пенсильвания, Остин, Техас, Бостон, Филадельфия, Портленд, Сиэтл мен Сан-Францискода Трамптың жеңісінен кейін наразылық әрекеттері орын алды.

 

 

 

 

Тегтер