АҚШ-тың түрлі қалаларында Трамптың сайлануына қарсы наразылықтар жалғасуда
Наразылар АҚШ-тың бірнеше қаласында үшінші кеш қатарынан осы елдің сайланған президентіне қарсы наразылық шерулеріне шықты.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, жұма күні кешке мыңдаған адам Майами, Атланта, Филадельфия, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалаларының көшелеріне шығып, АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың мигранттар, мұсылмандар мен әйелдер туралы жанжал тудырған сөздеріне қарсы наразылықтарын білдірді.
Майамиде америкалық бірнеше мың белсенді қаланың орталығына жиналды. Нью-Йоркте де наразылар Вашингтон-Сквер паркінде осы қаланың Бесінші авеню даңғылында Трамптың ғимаратының алдында жиналды.
Алдымен америкалық наразылардың ақпарат құралдарының ықпалына түскені туралы айтқан Трамп жұма күні өз ұстанымын өзгертіп оларды мақтады.
Сәрсенбі күні Дональд Трамп жеңіске жетіп, АҚШ-тың президенттік сайлауының нәтижесі жарияланғаннан бері осы елдің түрлі қалаларында наразылық шерулері өтіп жатыр.