Дани Данон Дональд Трампты Израильдің қауіпсіздігіне жауапты деп атады
(last modified Sat, 12 Nov 2016 09:45:43 GMT )
Қар 12, 2016 15:45 Asia/Almaty
  • Дани Данон Дональд Трампты Израильдің қауіпсіздігіне жауапты деп атады

АҚШ-тың президенттік сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен үш күн өткеннен кейін Трамптың Израильдің қаупсіздігіне қатысты көзқарасы туралы пікірлер көбейді.

Израильдің БҰҰ-дағы тұрақты елшісі Дани Данон АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп пен оларды жылдар бойы танитын оның серіктерін Израильдің қауіпсіздігіне жауапты деп атады.

Дональд Трамптың билікке келгеннен кейін АҚШ-тың ішкі мәселелері мен қиындықтарын басты бағдар етіп қойғанын назарға алсақ, Трамптың Израильмен қарым-қатынасы және осы режимнің қауіпсіздігі туралы көзқарасына қатысты  сауал туындайды.

Израиль - Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың ең басты одақтасы. Еврейлік лоббилердің АҚШ-тағы ықпалы осы елдің билік басына келген әрбір президентке әсер етеді. Обама үкіметі Израильдің қауіпсіздігін қорғауға жауапты болғанымен, оның Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен пікірқайшылықтары болды.

Израильдік қайраткерлер АҚШ-тың жасампаздығымен қол жеткізілген Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісімге қатысты қатты алаңдады. Айғақтар көрсеткендей, Израильдің оңшыл кабинеті АҚШ президенті болып  республикашылдың сайлануына риза болып отырған тәрізді.

Трамптың Американың президенттік сайлауында жеңіске жеткені туралы мәлім болған күннен бастап сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен байланыс орнатып, онымен ең алғашқы мүмкіндікте  кездесетінін айтты.

Түрлі басшылардың сөздері Трамптың өзін Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты деп санайтынын көрсетеді.

Трамптың саяси алаңға келуінен жылдар бұрын онымен кездескен Дани Данон: "АҚШ пен Израильдің қарым-қатынасы мықты. Трамптың АҚШ пен Израильдің қарым-қатынасы туралы көзқарасына қатысты алаңдаушылыққа ешқандай себеп жоқ. Біздің бұл жерде (АҚШ-та) шынайы достарымыз бар. Ақ Үйде де солай болатындығына сенімдімін" деді.

Дональд Трамптың жоғары дәрежелі кеңесшілерінің бірі Джейсон Дов Гринблат Трамптың басып алынған Палестина жеріндегі Израильдің сионистік қалашықтар салуының  бейбітшілік жолында ешқандай кедергі тудырмайтындығына сенімді екенін және оның айыпталмауы керек екенін айтты.

Джейсон Дов Гринблат осы сөздерді Барак Обама үкіметі басып алынған жерлердегі Израильдің қалашық салу әрекетін ашық түрде Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік үдерісін қиындататын басты фактор деп атаған жағдайда айтып отыр.

"Еврей үйі" оңшыл партиясынан тағайындалған Израильдің Білім беру министрі Нафтали Беннет тіпті маңыздырақ жайтқа тоқталып, Палестина тәуелсіз елінің құрылуы мәселесінің Трамп билік басына  келгеннен кейін іс-жүзінде жабылып, ескірген мәселе болып қалатындығына сенімділік білдірді. Нафтали Беннеттің көзқарасы әсірешіл болып көрінгенімен, айғақтар Дональд Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ пен Израил қарым-қатынасының Обаманың кезіндегінен де жақынырақ болатынын көрсетеді.