Американың түрлі қалаларында сайлау нәтижесіне наразы жүздеген адам құрықталды
АҚШ полициясы мен қауіпсіздік күштері осы елдегі президенттік сайлаудың нәтижесіне қатысты наразылықтардың жалғасуына көрсеткен реакцияда жүздеген наразы азаматты құрықтады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Америкадағы президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылықтар барысында қауіпсіздік қызметкерлері түрлі қалаларда жүздеген наразы азаматты құрықтағандарын мойындады.
Американың қауіпсіздік күштері сенбі күні 150 адамды, соның ішінде 8 жасөспірімді қоғамдық мүлікке нұқсан келтірді, жолдарды жауып, көшелерде тынышсыздықтарға себеп болды деген айыптармен құрықтады.
Американың полиция күштері Индианаполисте кемінде үш наразы азаматты құрықтады.
Индианаполистің қауіпсіздік қызметкерлері осы қақтығыстар барысында екі полиция күшінің жараланғанын мәлімдеді.
Орегон штатының Портленд қаласында да президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылардан ондаған адамның құрықталғаны хабарланды.
Сондай- ақ Америкадағы атыстарға қатысты статистикалық орталық жексенбі күні Америкадағы саяси құрылым мен нәсілшілдікке қарсы шерулердің өрістеуімен бір мезгілде осы елдегі күнделікті атыс оқиғаларының өткен екі тәулікте 51 адамның өлімі мен 119 кісінің жаралануына соқтырғанын мәлімдеді.