Теһран мен Астана ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойды
(last modified Tue, 15 Nov 2016 15:00:47 GMT )
Қар 15, 2016 21:00 Asia/Almaty
  • Теһран мен Астана ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойды

Иран СІМ- нің білім және халықаралық зерттеулер орталығы төрағасының ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесуінде екі ел арасында сыртқы саясат саласындағы ғылыми және зерттеу ынтымақтастықтарды кеңейту қуатталды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің білім және халықаралық зерттеулер орталығының  төрағасы сейіт Мұхаммад Казем Саджадпур Қазақстан республикасына жасаған сапарында осы елдің президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Каринмен кездесіп, екі ел арасындағы зерттеу және ғылыми ынтымақтастықтар жөнінде сұхбаттасты.

Саджадпур осы кездесуде Иран ислам республикасының ғылым мен білім орталықтарының, әсіресе халықаралық байланыстар факультеті, саяси және халықаралық зерттеулер бюросы, СІМ- нің кітапханасы мен дипломатия тарихы құжаттарының жақсы мүмкіндіктеріне сілтеме жасап, бірлескен отырыстар өткізу, дипломатиялық тарихи құжаттар негізінде зерттеуші ғалымдармен алмасуға және ынтымақтастық жасауға әзірлік танытты.

ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры да осы кездесуде аталмыш институт пен оның қызметін таныстырып, Иран ислам республикасының зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық жасауға әзірлік танытып, оны ирандық данышпандар мен сарапшылардың танысуы үшін маңызды мұрсат деп атады.

Ол екі ел арасындағы стратегиялық байланысқа сілтеме жасап: «Иран мен Қазақстан арасында темір жолдың іске қосылуы аймақтың дамуы бағытында маңызды рөлге ие болды және транзиттік картаға өзгертулер енгізу үшін де мүмкіндік бар» деді.

Иран СІМ-нің білім және халықаралық зерттеулер орталығы төрағасының ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесуінде екі ел арасында сыртқы саясат саласындағы ғылыми және зерттеу ынтымақтастықтарды кеңейту қуатталды.