Италия үкімет басшысы: Еуропаға ыдырау қаупі төніп отыр
Ақп 01, 2016 08:57 Asia/Almaty
Италия үкімет басшысы: "Еуропа ыдырап кету қаупіне тап болып отыр. Дамыған Еуропа көші-қон дағдырысын шешу негізінде қиын сынақпен бетпе-бет келіп отыр" деді.
Маттео Ренци Шенген аймағы мен Еуропа Одағын құрту үшін жасалған талпыныстарға байланысты ескерту жасап: «Италия Шенген аймағы мен Еуропа Одағының ыдырауы мен құрып кетуінің алдын алу үшін талпыныс жасауға сөз береді» деп баса айтты. Халықаралық миграция ұйымы 2015 жылы бір миллионнан астам босқынның Еуропаға жеткенін, олардың басым көпшілігінің теңіз арқылы еуропалық елдерге келгенін мәлімдеді. Бұл Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы босқындар мен шетелдік мигранттардың ең қиын дағдарысы саналады.