Үндістанда пойыз апатынан 60 адам қаза тапты
Үндістанда бір жолаушы тасымалдаушы пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан кемінде 60 адам қаза тапты.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл пойыз Үндістанның солтүстік-шығысындағы Патна қаласы мен осы елдің орталық бөлігіндегі Индур қаласының арасында жүріп келе жатып, Канпурға жақын маңда апатқа ұшыраған.
Бүгін таңертең орын алған осы оқиғада бірқатар адам жарақат алды. Осы уақытқа дейін оқиғаның орын алуының себебі жайлы ақпарат жарияланған жоқ.
Үндістанда темір жол апаты күнделікті оқиғаға айналған.
Үндістан әлемдегі ең ұзын темір жол желісіне ие. Күніне 20 млн-нан астам адам темір жол арқылы тасымалданады.
Ресми статистика көрсеткендей, 2014 жылы бұл елде темір жол апатынан 25 000 адам қаза тапқан.