ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Еуропаға жетті
(last modified Sun, 20 Nov 2016 14:14:31 GMT )
Қар 20, 2016 20:14 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Еуропаға жетті

Нидерландының лаңкестікпен күрес ісі бойынша үйлестірушісі Дик Ескоф ДАИШ лаңкестік тобының өзінің 60-80 содырын шабуыл жасау үшін Еуропада орналастырғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ДАИШ олардан Сирия мен Иракқа келмей, Еуропада шабуылдар жасауға дайын болуды талап етіп отыр.  Бұл нидерландылық қайраткер: «Қазіргі таңда Сирия мен Иракта ДАИШ-ты жою үшін жүргізіліп жатқан әскери амалдар осы топтың мүшелерінің таралуына себеп болып,  біртіндеп Нидерланды мен басқа да еуропалық елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін босқындар санының артуына әкеліп соқтыра алады»,-деді. 

Еуропалық елдердің қауіпсіздік саласындағы бір қайраткерінің ДАИШ-тың лаңкестік шабуыл жасау үшін Еуропаға енуі туралы ескертуі алғаш емес. 2015 жылы қаңтар мен қараша айларында Парижде, 2016 жылы наурыз айында Брюссель мен Германияда бірнеше шабуыл жасалған соң еуропалық елдердің қауіпсіздік саласындағы  қайраткерлері лаңкестік қауіп-қатерлері жайлы сан рет сөз қозғаған болатын.  Олар Ирактың ең үлкен екінші қаласы Мосулға  оны ДАИШ-тан азат ету мақсатында ауқымды шабуылдардың жасалып жатқанын ескере отырып, болашаққа күмәндана қарайды, өйткені ДАИШ-тың құрамындағы еуропалық содырлар өз елдеріне қайтып оралып, сол жерде ауқымды лаңкестік әрекеттердің орын алуына жағдай жасауы мүмкін. Еуропаның қауіпсіздік орталықтарының есептері мыңдаған еуропалық азаматтың экстремистік топтарға қосылғанын растайды. Еуропа полициясының бір бөлігі саналатын Еуропаның лаңкестікпен күрес орталығы 2016 жылдың қаңтар айының аяғында: «ДАИШ лаңкестік тобына қарасты экстремистердің арасында кемінде 4300 еуропалық азамат бар. Олар ДАИШ-қа қосылған соң Таяу Шығыс аймағына барған»,-деп хабарлады. Еуропалық елдердің, соның ішінде Франция мен Ұлыбританияның қауіпсіздік саласындағы басшылары мен органдары АҚШ және оның араб одақтастарымен бірге Сирияда ДАИШ пен басқа да тәкфирлік топтардың қалыптасуы мен нығаюында шешуші рөл атқарды.

Батыстың осы қатынасы Еуропа сахнасында екі сипатта көрініс тапты: Батыс қатынасының бірінші салдары Еуропаға ағылған босқындар толқыны аясында көрініс тауып, Еуроодақты осы ұйым құрылғаннан бергі ең үлкен дағдарысқа ұшыратты; екінші салдары – еуропалық тәкфиршілдердің өз елдеріне қайтып оралуымен лаңкестіктің Еуропаға таралуы. Еуропалықтар Сирияда лаңкестік топтарды құрып, таратуға көмектесудің салдарының бір күні өздерін де шарпитынын ойламады.  Шындық мынада:  кейбір еуропалық елдер бүгінде өздері Таяу Шығысқа сепкен лаңкестік дәнінің егінін орып жатыр. Тәжірибе көрсеткендей,  лаңкестік топтар лаңкестік шабуылдар жасауда жаңа тәсілдер ойлап табады. Олар лаңкестік шабуылдың уақыты мен тәсілін жоспарлай алады. Еуропадағы лаңкестік әрекеттер лаңкестікті құрал ретінде пайдаланып, оны жақсы-жаман деп бөлуден туындауда.  

Батыстықтар мен олардың араб одақтастары тәкфирлік лаңкестікпен  күресудің орнына өздері көздеген мақсаттар мен мүдделерді ілгерілету үшін ДАИШ сияқты тәкфирлік-лаңкестік топтарды құруға және оларды нығайтуға көмектесті. Енді осы лаңкестік топ өз әрекеттерімен Еуропаға қауіп-қатер төндіріп отыр.    

 

Тегтер