Үндістанның солтүстігінде пойыз апатынан құрбан болғандардың саны артты
https://itolqyn.com/news/world-i18409
Үндістандық басшылардың айтуынша, Үндістанның солтүстігінде пойыз апаты салдарынан құрбан болғандардың саны 145 адамнан асты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 22, 2016 20:42 Asia/Almaty
  • Үндістанның солтүстігінде пойыз апатынан құрбан болғандардың саны артты

Үндістандық басшылардың айтуынша, Үндістанның солтүстігінде пойыз апаты салдарынан құрбан болғандардың саны 145 адамнан асты.

Үндістанның Канпурдехат аймағының емдеу орталығының төрағасы Анита Синг: «Уттар-Прадеш штатындағы Канпур қаласының маңындағы Пухрайан аймағына таяу жерде пойыздың рельстен шығып кетуі оқиғасында қаза болғандардың санының осы уақытқа дейін 145 адамға жеткенін мәлімдеді.

Сейсенбі күні таңертеңгілік Үндістанның Мадхья Прадеш штатындағы Индор» қаласынан Бихар штатындағы Патна қаласына аттанған жүрдек поездың 14 вагоны жолаушылар ұйықтап жатқан кезде рельстен шығып кетті.