Рим папасы ислам мен мәсихи діндері арасындағы сұхбаттың жалғасуын қуаттады
(last modified Thu, 24 Nov 2016 08:37:49 GMT )
Қар 24, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Рим папасы ислам мен мәсихи діндері  арасындағы сұхбаттың жалғасуын қуаттады

Әлем католиктерінің жетекшісі Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасын қабылдауында Ислам мен мәсихи діндері арасындағы сұхбаттың жалғасуын қуаттады.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Рим папасы Франциск сәрсенбі күні Ватиканда өткен ислам мен мәсихи діндерінің екіжақты сұхбатының 10-шы кезеңіне қатысу үшін Римге сапармен келген Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Абузар Ибрахими Торкаман және Иранның дін саласы ғалымдарының бір тобын қабылдауында ирандық делегацияның Ватикан сапарына ризашылық білдіріп, Иранның мәдениетінен жақсы әсер алғанын айтты.

Папа Франциск Иран президенті Хасан Руханидің өткен қаңтар айындағы сапары мен Иран президентінің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары Шахиндохт Молавердидің 2015 жылдың ақпан айындағы Ватикан сапарына тоқталып, осы кездесулерге риза болғанын және Иран мәдениетінен өте жақсы әсер алғанын айтты.

Ибрахими Торкаман да осы кездесуде сөйлеген сөзінде ислам мен мәсихи діндерінің екіжақты сұхбаттарының 10-шы кезеңінің діни ортақтастықтар мен ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттау арқылы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін жақсы мүмкіндік болғанын мәлімдеді.

Ирандық және ватикандық ғалымдар сәрсенбі күні кешке Ватикандағы 10-шы отырыстың қорытынды мәлімдемесінде  қатыгездік пен дінді құрал ретінде пайдалануды айыптады.