АҚШ пен Сауд Арабиясы ДАИШ - лаңкестік тобының құрылуының факторлары
(last modified Wed, 30 Nov 2016 12:18:12 GMT )
Қар 30, 2016 18:18 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Сауд Арабиясы ДАИШ - лаңкестік тобының құрылуының факторлары

WikiLeaks базасының негізін қалаушы АҚШ пен Сауд Арабиясын ДАИШ лаңкестік тобының құрылуының факторлары деп атады.

Пресс ТВ-дің мәліметінше, WikiLeaks базасының негізін қалаушы Джулиан Ассанж: «АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (СІА) мен Сауд Арабиясы ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына жағдай жасады. 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ он жылдан астам уақытқа созылған соғысты бастады. Дәл осы соғыс ДАИШ-тың географиялық мекені мен қаржы ресурстарын  анықтады. Сауд Арабиясының  аймақтағы лаңкестерге қолдау көрсетуі  ДАИШ-тың құрылуының келесі факторы. Сауд Арабиясы Батыс мемлекеттерінің қолдауынан пайда көретін лаңкестерге  әшкере түрде  көмектесуде. Қазір Сирия Президенті Башар Асад үкіметіне қарсы соғыста оларды қаржымен қамтамасыз етуде»,- деді.