Лаңкестікпен күрес Назарбаев пен Трамптың телефон арқылы сұхбатының басты өзегі болды
Қазақстан Президенті АҚШ-тың қалаулы Президентімен телефон арқылы сұхбатында лаңкестікпен күрес, аймақ пен әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларының әлемге таралуына тосқауыл қою мәселелері жөнінде әңгімелесті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың қалаулы Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбаттасып, аймақ пен әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларының әлемге таралуына тосқауыл қою мәселелері жөнінде әңгімелесті.
Қазақстан Президенті Трампты президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, оның сайлауалды бағдарламасының орындалуын сәттіліктің факторы деп атап: «Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Біздің ел ядролық қарулардан ада әлем құруға бағытталған күресті жалғастыруға дайын»,-деді.
Трамп өз әріптесін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап: «Назарбаев басқаратын ел ғажайыпқа ұқсас үлкен жетістіктерге жетеді. Ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларының әлемге таралуына тосқауыл қоюдан маңызды мәселе жоқ. Бұл мәселе әлемдік деңгейде шешілуі тиіс»,-деп қуаттады.