Нау 01, 2016 22:13 Asia/Almaty
  • Киев, Белград және Афины - Еуропадағы қауіпсіздіктен кенде қалалар

Штаб-пәтері Нью- Йоркте орналасқан әлемдегі адам қоры туралы кеңес беруші ең үлкен компания «Mercer» Еуропадағы қауіпсіздіктен кенде қалалардың тізімін жариялады.

Осы тізім бойынша, Украинаның астанасы Киев әлемдегі ең қауіпті қала болып табылады. Осы қаладағы этникалық текетірестердің салдарынан осы уақытқа дейін жүздеген адам қаза тауып, жараланған. Сондай- ақ Сербияның астанасы Белград Киевтен кейін екінші орында тұр. Аталмыш зерттеу бойынша, бұл қала бұзақылар мен ұрылардың базасы болып табылады. «Mercer»-дің жазуы бойынша, Грекия астанасы Афины қаласында қауіпсіздік деңгейі босқындар легі мен үкіметке қарсы шерулерге байланысты күрт төмендегендіктен осы тізімде үшінші орынға ие болған.

Тегтер