Иран мен Қырғызстан университеттері арасында үш серіктестік меморандумына қол қойылды
Семнан облысының Медицина университетінің ректоры Қырғызстанның ең үлкен университеттерімен үш серіктестік құжатына қол қойылғанын хабарлады.
Семнан Медицина университетінің Қырғызстан университтері және орталықтарымен серіктестіктерін дамыту мақсатында осы елге сапармен барған Семнан Медицина университетінің ректоры Меһди Шаднуш екі тараптың ұстаздар және студенттермен алмасу, ортақ зерттеулер жүргізу, екі университет басшыларының серіктестіктері туралы меморандумдарға қол қойғандарын мәлімдеді. Меһди Шаднуш сонымен қатар Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі және Ғылым министрінің орынбасарымен кездесуде екі ел университеттерінің денсаулық және емдеу салаларындағы ынтымақтастықтарының жай-жапсары туралы сұхбаттасқандарын айтты.