Иран БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өзіне қарсы қарардың бекітілуіне наразылық білдірді
(last modified Wed, 21 Dec 2016 03:04:56 GMT )
Жел 21, 2016 09:04 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өзіне қарсы қарардың бекітілуіне наразылық білдірді

БҰҰ- дағы Иран өкілдігі осы ұйымның Бас Ассамблеясында адам құқығы туралы Иранға қарсы қарардың бекітілуін айыптады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігі тілшісінің  хабарлауынша, БҰҰ- дағы Иран елшісі әрі өкілдігінің орынбасары Ғоламхосейн Деһқани дүйсенбі күні Ирандағы адам құқығы жағдайын сынаудағы осы ұйымның Бас Ассамблеясында Иранға қарсы "L-25" жобасына қатысты білдірген пікірінде «Осы қарар өздерін адам құқығын қорғаушы деп санайтындардың адал еместігін тағы да дәлелдеді» деді.

БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы дүйсенбі күні Иран ислам республикасына қарсы негізгі демеушісі Канада болған қарар бекітті. Осы қарар Иран ислам республикасын елде азаптау тәсілін қолдану, өлім жазасының көптігі, жиындар өткізу бостандығын шектеу, әйелдер мен діни азшылықтарға қарсы кемсітушілік шаралармен айыптады.

БҰҰ- дағы Иран өкілі: «Иранға қарсы мұндай қарар бекітілмеуі керек. Жергілікті халық пен қара нәсілділердің құқығын аяққа таптап отырған Канаданың өзі де осы ақиқатты біледі. Алайда  осындай елдер тек адам құқығын өрескел түрде бұзуымен қатар иммунитеттің арқасында бейкүнә халыққа қарсы өз қылмыстарын жалғастырады. Өзі адам құқықтарын өрескел бұзушылардың қатарына жататын елдің Иранға қарсы осы масқара қарарды қабылдауы жиіркеніш тудырады» деді.