Иран мен Армения президенттері байланыстарды кеңейтуді қуаттады
(last modified Wed, 21 Dec 2016 15:52:23 GMT )
Жел 21, 2016 21:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения президенттері байланыстарды кеңейтуді қуаттады

Иран мен Армения президенттері екі елдің қарым- қатынасы мен аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша ИИР президенті Хасан Рухани мен Армения президенті Серж Саргсян сәрсенбі күні Ереванда жарияланған мәлімдемеде екі ел байланысының жоғары деңгейіне ризалық білдіріп, өзара байланысты кеңейтуге мүдделік танытты.

Рухани мен Саргсян бүгінгі кездесуде Иран мен Армения экономикалық ынтымақтастықтары бірлескен комиссиясының қызметі мен 2015 жылдың желтоқсан айында Арменияда, 2016 жылдың желтоқсан айында Теһранда болған келісімдердің маңыздылығын қуаттап, осы келісімдердің барлығын күшіне енгізудің қажеттілігін қуаттады.

Иран мен Армения президенттері сауда- саттық алмасуларды арттыру, инфрақұрылымдарды дамыту, энергия, тасымал, коммуникация, өнеркәсіп, сонымен қатар басқа да экономикалық негіздерде ынтымақтастықтарды жүзеге асыру және оны жоғарырақ деңгейге көтеру мақсатында қол қойылған екіжақты құжаттарды маңызды деп бағалады.

Иран президенті аймақта баянды бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік орнатып, келешекте оны нығайтуды қажеттілік деп атап: «Аймақтық кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешу жан- жақты ынтымақтастықты қажет етеді» деді.