Иран мен Қазақстан арасында 5 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
ИИР Президентінің Қазақстанға сапары аясында екі ел арасында 5 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл құжаттар ветеринарлық карантин, Каспий теңізіндегі кеме қатынасы, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, туризм, сауданы жеңілдету үшін Иранның Орталық банкі мен Қазақстанның Ұлттық банкі арасында әріптестік жасау тақырыптарын қамтиды.
ИИР Президенті Хасан Рухани Арменияға сапары аяқталған соң сәрсенбі күні кешке Қазақстанның елордасы Астанаға аттанды. Бейсенбі күні таңертең Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ол кісіні ресми түрде қарсы алды.
Хасан Рухани мен Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алу рәсімінен кейін әртүрлі салалар бойынша ортақ әрі жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейту және Теһран-Астана қарым-қатынасын қарқындату туралы сұхбаттасты.