Ердоған Путинге көңіл айтты
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған өзінің ресейлік әріптесімен телефон арқылы сұхбатында 92 жолаушының қаза болуына соқтырған Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ұшағының құлауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей мен Түркия президенттері жексенбі күнгі телефон арқылы сұхбатта Сирия мәселесі туралы пікір алмасты.
Кремльдің баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, Ресейде жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Путиннің Ердоғанмен телефон сұхбатына қатысқан.
Ту-154 ұшағы Сочидің Адлер әуежайынан ұшып шықаннан соң бірнеше минут өткеннен кейін радардың бетінен жоғалып кеткен. Біраз уақыттан кейін бұл ұшақтың Қара теңіздің жағалауынан 1500 шақырым қашықтықта және 50-70 метр тереңдікке құлағаны мәлім болды.
Осы оқиғадан кейін Ресейдің Көлік министрі Максим Соколов ресейлік ұшақтың Сириядағы Ресейдің әуе базасына ұшып бара жатқан кезінде құлауына себеп болуы мүмкін барлық факторлардың, соның ішінде лаңкестік шабуыл ықтималдылығының да қаралып жатқанын мәлімдеп: "Бұл ұшақтың құлауының себебі туралы болжам айтуға әлі ерте" деді.
Ресей федерациясы кеңесінің қорғаныстық комитетінің басшысы Виктор Озеров осы ел ұшағының құлауының лаңкестік оқиға болуы ықтималдығын теріске шығарды.
Ресей президенті елдің Қорғаныс министрлігіне қарасты ұшақтың құлауына байланысты бүгін, дүйсенбі күнін қаралы күн деп жариялады.