Американың шетелдік сайлауларға араласуының ұзақ тарихы мойындалды
Бір америкалық басылым Американың өзге елдердің сайлау істеріне жаппай араласуы мен әскери төңкеріс жасауға талпынуын мойындады.
Америкалық «The Los Angeles Times» басылымы өз мәліметінде: «Американың басқа елдердегі сайлауларға ықпал етуге ұмтылуының ұзақ тарихы бола тұра АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы Ресейді 2016 жылғы осы елдегі президенттік сайлауға араласып, компьютерлік желілерге киберлік шабуыл жасады деп айыптап отыр» деп жазды.
"Carnegie Mellon" университетінің зерттеу орталығының мәліметтері бойынша Америка 1946 жылдан 2000 жылға дейін басқа елдерде өткен сайлауларға 81 рет араласқан. Алайда бұл статистика Американың өзі қабылдайтын адам сайланбаған соң бір елдің жүйесін өзгертуге жасаған талпынысы мен әскери төңкерістер ұйымдастыруын қамтымайды.
Арнайы бір сайлау топтарына қаржы салу, қате мәлімет тарату, бір үміткердің пайдасына немесе оған қарсы мәлімдеме жариялап, қоқан-лоққы жасау Американың араласушылықтарына жатады.
«The Los Angeles Times» басылымы сондай- ақ Американың Таяу Шығыс істеріне араласуына сілтеме жасап: «Вашингтон Израильді қолдаушы үміткерлердің тұрғысын күшейтуге талпыныс жасауда» деп жазды.