Ресей дипломаттары Америкадан қуылды
(last modified Fri, 30 Dec 2016 12:54:01 GMT )
Жел 30, 2016 18:54 Asia/Almaty
  • Ресей дипломаттары Америкадан қуылды

Вашингтон мен Мәскеу байланысындағы текетірестердің жалғасуымен Америка Ресейдің ондаған дипломатын елден шығарды.

Вашингтон үкіметі Ресейдің 35 дипломатын Америкадағы президенттік сайлауға Ресей  араласты деген себеппен осы елден қуғанын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Ресей елшілігі мен Сан-Францискодағы осы елдің консулдығындағы Ресей дипломаттары мен олардың отбасыларына Америкадан кетуге 72 сағат уақыт берді.

Сондай- ақ CNN өз хабарында АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің алты шенеунігі мен бес органына жаңа санкциялар салуға жарлық шығарғанын мәлімдеді. 

Бұдан алдын Обама Ресейді осы елдегі президенттік сайлау жүйесіне қарсы киберлік шабуыл жасап, Американың қалаулы президенті Дональд Трамптың жеңіске жетуіне  көмектесті деп айыптаған болатын

Мәскеу де Америка тарапынан осындай айыптаудың талқылануын қабылдамай, оны негізсіз деп атады.