2016 жылы әлем бойынша 93 тілші өлтірілген
(last modified Sun, 01 Jan 2017 03:50:50 GMT )
Қаң 01, 2017 09:50 Asia/Almaty
  • 2016 жылы әлем бойынша 93 тілші өлтірілген

Журналистер халықаралық федерациясы 2016 жылы әлемнің түрлі аймақтарында мақсатты әрекеттерде немесе бейберекеттіктердің салдарынан 93 тілшінің өлтірілгенін хабарлады.

Осы федерация тілшілердің африкалық елдер мен Азия мен Океания, Еуропа және араб әлеміндегі 23 елде ұйымдасқан қылмыстарда немесе атыс оқиғаларында өлтірілгенін мәлімдеп: «Колумбияның Medellin қаласында ұшақ апатынан бразилиялық 20 тілшінің қаза болуы мен Қара теңізге ұшақтың құлауы оқиғасындағы ресейлік 9 тілшінің қазаға ұшырауы 2016 жылы журналистер үшін ең ауыр оқиғалар болды» деп қуаттады.